Қазақстандық дзюдошылар Түркияда 2 жүлде жеңіп алды

2 сәуір, 2024 / Анель Жарылғасын
Пара дзюдо федерациясы
Аталмыш жарысқа Қазақстаннан барлығы 17 спортшы барды.

Дзюдодан 1-3 сәуір күндері Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан өтіп жатқан Grand Prix бәсекесінде қазақстандық балуандар қос қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Ерғали Шамей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті.

Сондай-ақ Даяна Федосова 57 келіге дейінгі салмақта J2 санаты бойынша қола жүлдеге ие болды. 

Аталмыш жарысқа Қазақстаннан барлығы 17 спортшы барды.

Тэгтер:

Балуан Түркия пара дзюдо Grand Prix