Жаңалықтар

Қызылордада бірнеше шенеунік жауапқа тартылды

gov.kz

Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылып, ТҮКШ басшысының орынбасары "қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды.

Қызылордадағы білім саласы мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшылары жауапқа тартылды, деп хабарлады Қызылорда қаласының прокуратурасы.

Қызылордада мемлекеттік қызметке кір келтіріп, тәртіптік теріс қылық жасаған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.

"Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 2022-2023 жылдар аралығында 5 қызметкерді білім беру ұйымдарына педагог ретінде конкурссыз жұмысқа қабылдаған", - дейді прокуратура.

Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары бітпеген жұмысқа миллиондаған қаржы төлеген.

"Қала аумағында 40 жаяу жүргіншілер проекторын орнату бойынша орындалмаған жұмыстар қабылданып, 27 млн қаражат негізсіз аударылған", - деп жазды ведомство.

Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылып, ТҮКШ басшысының орынбасары "қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды.