Түркістанда 9 балалы отбасының үйі өртеніп кетті

1 сәуір, 2024 / Өтей Торғайұлы
Фото: gov.kz
Тілсіз жаудың кесірінен отбасы мүшелерінің құжаттары, оқушы балалардың оқу-құралдары мен киімдері де өртеніп кеткен.

Түркістанда 9 балалы отбасы тұратын жалдамалы пәтер өртеніп кетті. Отбасы мүшелері дін аман. Оқыс оқиға болған сәтте балалардың әкесі жұмысқа, ал анасы балалардың оқу-құралдарын алу үшін базарға кетіпті. Тапа-тал түсте шағын үйде шиеттей бала-шаға тек өздері қалған. Бір күнде бар дүниесінен айырылған отбасы қазір уақытша басқа пәтерде тұрып жатыр.

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от TURKISTAN телеарнасы (@turkistantvkz)

Тэгтер:

үй өрт Түркістан