«Арқалықтың әкімі арақ ішіп алыпты»: Тұрғындар кешірім сұрады
Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігіне қарасты Қызылжұлдыз ауылының тұрғындары үйлерін су шайып жатқанда қала әкімі Әмірхан Асановты «арақ ішіп алыпты» деп айыптаған.
Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановты «арақ ішіп алыпты» деп айыптаған Қызылжұлдыз ауылының тұрғындары қателіктерін мойындап, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлады turkystan.kz облыстық «Қостанай таңы» басылымына сілтеме жасап.
«Эмоциямен айтылған әңгіме. Қатын-бала-шағамыз далада қалып, жанымыз шыққаннан кейін ашумен айтылған еді. Негізінде, олай емес екен. Қателік менен болды. Кешіріңіз», - деді Әділет Әренов.
Қызылжұлдыздық Дастан Илебаев есімді азамат та жаңсақ сөз таратқанына өкініш білдіріп, қала басшысынан кешірім өтініп отыр.
Ауыл тұрғындарының кешірім сұраған видеосын Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов өзінің парақшасында бөліскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram