Қазақстан мен Қырғыз Республикасы зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатады
Қаулы «Ашық НҚА» порталында орналастырды.
Қазақстан мен Қырғызстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатады, деп хабарлады turkystan.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қырғыз Республикасының Әлеуметтік қоры мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын орналастырды.
Келісімге қол қоюдың мақсаты азаматтардың Қазақстан мен Қырғызстан заңнамасына сәйкес белгіленген зейнетақыларды бір мезгілде алу фактісін тексеру мақсатында Тараптар арасында қорғалған ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады.