Қоғам

Құтқарушыға пышақ кезеген БҚО тұрғыны ұсталды

polisia.kz

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер су тасқынына байланысты өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерін пышақпен жарақаттаған Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғынын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кету керек, бүгінде Орал қаласында және облыстың бес ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.

Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полиция суды сору және адамдарды құтқару бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр.

Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстарға 919 қызметкер мен 132 қызметтік техника жұмылдырылды, оның 700-ден астамы полиция қызметкері.