Қоғам

Қызылордада білім бөлімінің басшысы лауазымынан босатылды

Ол 5 қызметкерді конкурссыз білім беру ұйымдарына педагог ретінде жұмысқа қабылдау туралы заңсыз бұйрық қабылданған.

Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актілері негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау фактілерімен лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы 2022-2023жж. аралығында 5 қызметкерді конкурссыз білім беру ұйымдарына педагог ретінде жұмысқа қабылдау туралы заңсыз бұйрық қабылданған.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасарымен қала аумағында 40 жаяу жүргіншілер проекторларын орнату бойынша орындалмаған жұмыстар қабылданып, 27млн. қаражат негізсіз аударылған.