Астанада жоғалып кеткен 36 жастағы әйел табылды
Әйел 2014 жылы Қазақстанға келген.
Астанада із-түссіз жоғалып кеткен қырғызстандық әйел табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында әйелдің жеке басын тексеру үшін полицияға жеткізілген болатын.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 36 жастағы әйел Қырғыз елінің тумасы екені анықталды. 2014 жылы Қазақстанға келген, сол уақыттан бері туыстарымен, достарымен байланысын үзген. Астаналық полицейлер Қырғыз елшілігімен бірлесе отырып азаматшаның туған ағасын табуға көмектесті. Қырғыз Республикасының елшілігі ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін және әртүрлі себептермен Қазақстан Республикасында қиын өмірлік жағдайға тап болған қырғыз азаматтарына көрсетілген үшін алғысын білдірді.