Жаңалықтар

Биыл колледж студенттеріне 11 жаңа жатақхана салынады

Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында салыну жоспарлануда.

2024 жылы колледж студенттеріне 11 жаңа жатақхана салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің ақпаратынша, биыл колледж студенттері үшін 2,6 мыңнан астам төсек-орынға арналған тағы 11 жаңа жатақхана ашу жоспарланған. Бұл шаралар оқытудың табысты процесін қамтамасыз етуге және техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Қазір Қазақстандағы колледж студенттерінің 87%-дан астамы жатақханада тұру мүмкіндігіне ие.