Нүкенованың өлімі: Бишімбаев пен Байжановтың арасындағы хат жарияланды
Іс материалдарындағы хабарламаларды бір-біріне сағат 13:21-тен бастап сағат 14:35-ке дейін жазған.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот барысында қайғылы оқиға болған күні екі сотталушының бір-біріне жазған хабарламасы жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
9 қарашадағы диалог Байжановтың телефонын тексеру барысында алынып, қылмыстық іс материалдарына қосылған. Іс материалдарындағы хабарламаларды бір-біріне сағат 13:21-тен бастап сағат 14:35-ке дейін жазған.
Бишімбаев: Камераның бәрін өшір.Түнде түсірілгеннің бәрін өшір.
Байжанов: Жақсы.
Бишімбаев: «Гастро» бойынша бәрін өшір.
Байжанов: Жақсы, бәрін өшіремін.
Бишімбаев: Қайтып кел. Оның (Салтанаттың – ред) телефонын табу керек.
Бишімбаев: Бақытжан. Жейде көлікте.
Байжанов: Бар.
Бишімбаев: Жаңасын алып кел.
Бишімбаев: Банкеттің бәрін тоқтат.
Байжанов: (фото) Осы ма?
Бишімбаев: Иә.
Бишімбаев: «Қазақстан» ОКЗ-ға кіріп шық. Ол жерде кеше Салтанаттың пальтосы қалып кетті.
Байжанов: Жақсы.
Бишімбаев: Гардероб кіргенде сол жақта.
Бишімбаев: Телефонды өшірме.
Бишімбаев: Үйге апар.
Байжанов: Жақсы.