Жамбыл облысында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

1 сәуір, 2024 / Анель Жарылғасын
kk.wikipedia.org
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Жамбыл облысы Мерке қаласында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. 

ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сағат 11:14-те жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. тереңдігі 25 км.

Жер асты дүмпуі Жамбыл облысының Мерке қаласында 2 балл болып сезілді.

«Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізілуде», - делінген хабарда.

Тэгтер:

Жер сілкінісі Жамбыл облысы