Президент Жарлығымен Наталья Годунова қызметінен босатылды

1 сәуір, 2024 / Анель Жарылғасын
Gov.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылды», - деп жазылған хабарламада.

 

Тэгтер:

Жарлық Жоғары аудиторлық палата Наталья Годунова