Саясат

Мәжіліс депутаты Скляр бастаған Үкіметтің кейбір мүшелерін ауыстыруды талап етті

primeminister.kz

Ол комитетте осы мәселені көтеретінін айтты

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Роман Склярдан бастап Үкіметтің кейбір мүшелерін ауыстыруды талап етті, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Аймақтарды аралап, Ақтөбенің ортасына жеттік, бірақ, қадірлі ағайын, шынын айту керек, әкімдіктердің дайындығы өте нашар. Тіпті басқасын айтпағанда, кейбір аудан әкімдіктерінің резервінде не қайық жоқ, су етік табылмай жатыр. Әкімдік пен Үкіметтің арасындағы байланыс жоқтың қасы десек болады. Бұған бірінші кезекте кім жауапты? Оның ашығын айтуымыз керек, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауапты. Кеше Ақтөбеге келді. Алға дейтін бір ауданға барды, бірақ судың астында қалған Ойылға неге бармайды? Бұның алдында алапат өрт болғанын білесіздер, қаншама адам өртеніп кетті. Бұған да кім жауапты? Роман Скляр жауапты. Сөгіспен құтылды. Жылу электр станциялары істен шығып, қақаған қыста қаншама адам далада қалды. Сондықтан Президент басқаларға сабақ болсын деп, сөгіс жариялап жатыр, бірақ Роман Склярдан бастап Үкіметтің кейбір мүшелеріне шара қолданып, ауыстыратын кез келді ғой деп ойлаймын. Бұйырса, таңертең Астанаға ұшып барамыз. Комитетте осы мәселені көтеремін, - деді Толықбай.