Бүгін Ақмола, Қарағанды облыстарында қар жауады – Қазгидромет
31 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет ел аумағында 31 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады turkystan.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жауын-шашын күтіледі, түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде. Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде қар жауады. Алматы және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
ҚР бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болады.