Александр Недовесов Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Александр Недовесов өзінің спорттық жолында челленджер санатындағы додаларда 28-титулына қол жеткізді
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Александр Недовесов Жирона (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда франциялықтар Хонатан Эйссерик - Альбано Оливеттимен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қазақстандық-эквадорлық жұп қарсыластарын 7:6 (7:1), 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов - Эскобар 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Франциялық дуэт 3 эйспен көзге түсті.
Осылайша, Александр Недовесов өзінің спорттық жолында челленджер санатындағы додаларда 28-титулына қол жеткізсе, соның 25-і - жұптық сында.