Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Грекиядан жеңілгеннен кейін рейтингте нешінші орында тұр?

Рейтинг басында Аргентина құрамасы тұр.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ерлер арасындағы әлем құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол рейтингте Қазақстан құрамасы бір сатыға төмендеп, 101-орында (1209,84 ұпай) тұр.

Рейтинг басында Аргентина құрамасы тұрса, екінші орында Франция, ал үздік үштікті Бельгия құрамасы түйіндеді.

Еске сала кетейік, 22 наурызда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында грек ойыншыларынан 0:5 есебімен жеңіліп қалған болатын. Осылайша Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін соңғы финалдық ойынға қатыса алмады.