Жаңалықтар

Балжан Бидаштың жаңа әні желіде қызу талқыға түсті

Өнер жұлдызы Instagram парақшасында «Қателігімсің» әнінің бейнебаянынан үзіндіні жариялаған.

Танымал әнші Балжан Бидаш көпшілікке «Қателігімсің» атты жаңа әніне түсірілген бейнебаянынан үзіндіні ұсынды. Өнер иесі ерекше туындысын 4 сәуір күні жарыққа шығармақ.

Өнерден алыстап кеткен Балжан Бидаш жақында жаңа әнін жарыққа шығаратынын хабарлап, тыңдармандарын қуантты. Өнер жұлдызы Instagram парақшасында «Қателігімсің» әнінің бейнебаянынан үзіндіні жариялаған. 

Желі қолданушылары Балжан Бидаштың жаңа туындысын бірден қызу талқылады. Қалың көпшілік некесі сәтсіз аяқталған арудың таланты мен қайсарлығына тәнті болды.