Жаһан

Нигерияда томат пастасы туралы жағымсыз пікір жазған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін

сурет: коллаж Фокус

"Қазір төртінші баласына жүкті іскер әйелді қыркүйек айында Нигерия ұлттық полициясының қызметкерлері шіркеуде тұтқындады және камерадан оның бірнеше сағат бойы тікесінен тік тұруға мәжбүр болғаны байқалады", - деп жазды Daily Mail.

Нигериялық әйел томат пастасы брендіне жағымсыз онлайн пікір жазғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы washingtontimes.com жазды.

39 жастағы Чиома әлеуметтік желіге томаттың дәмі тым тәтті екенін жазып шағымданған. Ашылған банканың суретін жариялап, Facebook-тегі 18 000 жазылушысын пікір айтуға шақырған. Ал бір аптадан кейін ол қамауға алыныпты.

"Қазір төртінші баласына жүкті іскер әйелді қыркүйек айында Нигерия ұлттық полициясының қызметкерлері шіркеуде тұтқындады және камерадан оның бірнеше сағат бойы тікесінен тік тұруға мәжбүр болғаны байқалады", - деп жазды Daily Mail.

Оған "Адамдарды Erisco Foods Limited компаниясына қарсы үгіттеу мақсатында" басқа адамдармен сөз байласқаны үшін қылмыстық айып тағылды. Ал томат өндіруші беделіне нұқсан келтіргені үшін одан 5 млн найра (Нигерия валютасы - ред.) талап етіп отыр. Жергілікті заң бойынша ол 7 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.