Жаңалықтар

Қарағандыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

Қарағанды облысының әкімдігі

Ол мамыр айында күшіне енеді.

29 наурызда қалалық мәслихат депутаттары кезекті XVII сессияда Қарағанды қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру ақысын төлеудің жаңа сараланған тарифін мақұлдады, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ол мамыр айында күшіне енеді.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қала автобустарында жол жүру құны 100 теңгені, ал қолма-қол ақша үшін – 200 теңгені құрайды.

«Қалада ағымдағы тариф – 80 теңге 2014 жылғы қаңтарда, 10 жылдан астам уақыт бұрын белгіленген. Тасымалдаушылардың негізгі шығындарының құны орта есеппен үш есе өсті, олардың қатарында: жанармай, шиналар, жағармай және жалақы. Шығындардың ұлғаюы, жылжымалы құрамды жаңарту, жаңа маршруттардың іске қосылуын субсидиялау қажеттілігінің өсуіне әсер етеді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, сондай-ақ субсидияларға қажеттілікті және бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін біз жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу үшін 20 теңгеге және қолма-қол есеп айырысу кезінде 200 теңгеге дейін тарифті арттыруды ұсынамыз. Өсім 25 пайызға артады»,– деді сессияда Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қожақапанов.

Бүгінгі таңда субсидиялау үшін пайдаланылатын орташа есептік тариф 375 теңгені құрайды. Бұл ретте кейбір шалғай бағыттар жүргізушілердің жалақысын да өтемейді, деп атап өтті спикер.

Тарифті көтеру – мәжбүрлі шара, деп атап өтті сессияда Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов. Жол ақысын көтеру арқылы ғана тасымалдаушылар көрсетілетін қызметтердің сапасын сақтай алады.

«Бірнеше жыл бұрын кейбір маршруттар қысқартылып, автобустар жолда бұзылып, желіге көліктің тиісті саны шықпайтын. Атқарылған жұмыстың арқасында біз бұл мәселелерді ішінара шеше алдық. Қазір жылжымалы құрам 80 пайызға жаңартылды, 328 автобус сатып алынды, оның 146-сы өткен жылы жаңартылды. ONAY! жүйесін енгізудің арқасында қалалық маршруттар оңтайландырылды, тасымалдаушылар жоспарларын алып тастады, жолаушылар жинау жарысы тоқтады. Танымал маршруттар жұмыс уақытын ұлғайтты», – дейді Мейрам Кожухов.