Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
«Қазгидромет» РМК 30 наурыз бен 1 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Екатеринбургтің үстінде орналасқан кең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағына өз әсерін тигізеді.
«Қатты жауын-шашын болады, 30 наурызда Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында, 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады деп болжануда. 30 наурызда Түркістан және Жамбыл облыстарында, 30-31 наурызда Алматы және Жетісу облыстарында нөсер болады», - делінген хабарламада.
Елдің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 3-10 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-13 жылуға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
«Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 6 аяз-2 жылуға дейін төмендейді, күндіз 5-18 жылуға дейін жоғарылайды. Тек батыста ауа температурасының түнде 1-6-ға, күндіз 13-18-ге дейін көтерілуі болжанады», - делінген хабарламада.