Жаңалықтар

Маңғыстау облысында теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлексесі табылды

Аудандық балық инспекциясы өлекселерді жинастырып жатыр.

Форт-Шевченко қаласында теңіз жағалауында 40 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық балық инспекциясының мәліметінше, мониторинг тобы Түпқараған ауданында табылған өлекселерді тексеруге аттанған.

Өткен түнде батыстан соққан желден жағаға итбалықтар шығып қалған.

Қазіргі уақытта аудандық балық инспекциясы мен әкімдік өлекселерді жинастырып жатыр.