Қоғам

Тараз тұрғыны әпкесінің атына жасырын түрде 3 несие рәсімдеген

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Тараз қаласының тұрғыны әпкесінің атына жасырын үш несие рәсімдеп жіберген, деп хабарлады turkystan.kz.

Тараз қаласының полициясына өз атында несие тұрғанын көріп, интернет-алаяқтардың құрбаны болдым деп ойлаған жергілікті тұрғын шағымданды.

Polisia.kz сайтының дерегінше, арызында ол ешқандай несие алмағанын көрсеткен.

Жәбірленуші өз атында несиелердің бар екенін мүгедектігі үшін алатын зейнетақысынан ақшалай қаражат ұсталған кезде білген.

Полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.