T-Newspaper

Оқушыларымыз халықаралық чемпионатта рекорд орнатты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Үш күнге созылған жарыс қоры­тын­дысы бойынша қазақстандықтар ең жоғары марапаттарға ие болып, ре­корд орнатты.

Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен First Lego League Challenge халықаралық чемпионатында рекорд орнатты. Оңтүстік Корея, Малайзия, Польша, Индонезия және Қытайдан келген 100-ден астам оқушы қатысқан аталған сайыста оқушыларымыз әлемнің жас инженерлерімен бәсекеге түсті.

Үш күнге созылған жарыс қоры­тын­дысы бойынша қазақстандықтар ең жоғары марапаттарға ие болып, ре­корд орнатты.   «Роботтар ойынында тапқырлық та­нытып қана қоймай, команданың ұйымшылдығын, негізгі құндылық­та­рын таныту керек болды. Біз иннова­ция­лық жобамызды көрсеттік. Бұл кере­мет тәжірибе болды, еліміздің біз­ге үміт артып отырғанын білгендік­тен, жеңіс үшін бар күш-жігерімізді салдық. Нәтижесінде, әлемнің озық елдерінің арасынан суырылып шы­ғып, рекорд орнаттық», – дейді қуаны­шы қойнына сыймаған оқушылар. Ел намысын қорғаған Ro alemi ко­­­­­ма­ндасының құрамында Семей қа­ласының Білім-инновация және №22 орта мектебінің оқушылары Арыстан Ибрагим, Жанарыс Ардахов, Дархан Мамадилов, Айдмұхамед Табараков, Әділжан Қабыкенов, Азат Сапаралы және Жәнібек Әбдікәрімовтар бар. Олар чемпионатта максимум 550 ұпай­­дың 540-ын жинап, рекорд ор­натты. Онымен қоса, жас өрендеріміз Robot Design номинациясын жеңіп ал­ды. Сонымен қатар, барлық төрт ба­ғыт бойынша жоғары нәтиже көр­сет­кені үшін Champions Award но­минациясы бойынша бас жүлдені қан­жы­ғалады. Сондай-ақ қазақстандық Tamos Éducation мектебі QSTEM-TAMOS Stars ко­мандасының құрамында өнер көр­сеткен Мадияр Намазалы, Нұрәлі Са­тыбалды, Рашид Ахмеджанов және Аң­сар Баязеров чемпионаттың бар­лық төрт бағыты бойынша жоғары көр­­­сеткіштерге қол жеткізіп, Champions Award номинациясы бойынша I орын алды. Атырау қаласының Білім-инно­ва­ция лицейінің оқушылары Pioneers командасының құрамында Мәлік Ис­лам, Нұрислам Берікұлы, Бекасыл Нұрым­жан, Ерасыл Нұрымжан, Алмаз Абзал, Алмас Ерланұлы, Алдияр Ша­мар және Әлішер Данилов өнер көр­сетті. Олар инновациялық жобаны та­бысты жүзеге асырғаны үшін Innovation Project номинациясының фи­налистері атанды. Еске сала кетейік, оқушылар атал­ған халықаралық чемпионатқа жол­даманы Оқу-ағарту министр­лігінің қолдауымен Дарын РҒПО және USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдас­тыр­ған FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында жеңіп алған бола­тын.