T-Newspaper

Заң мен тәртіп – қоғам темірқазығы

Сурет ашық дереккөзден алынды

Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіп­сіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра ала­ды. Заңды сақтау – әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі.

Елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын қалыптастыру маңызды рөл атқарады.  Бұл – бәріне бірдей бұлжымас қағида. Заңның сақталуы, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру –  маңызды міндет.  Дамыған қоғам жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке, бұзақылыққа жол бермейді. 

«Заң мен тәртіп» қағидаты Мемлекет бас­шы­сының тікелей бақылауында. «Қылмыспен кү­ресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңыз­ды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үл­кен жұмыс. Ең алдымен, мемлекетте заң т­а­лап­тары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұз­ған кез келген адам жазасын алуға тиіс», – деді Пре­­зидент жақында өткен Ішкі істер ми­нистр­лігінің кеңейтілген алқа отырысында. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, заң мен тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идео­логиялық және саяси темірқазығына ай­налуға тиіс. Өйткені құқықтық сауаттың тө­мен болуы жағымсыз үрдістердің белең алуы­на әкеп соқтырады. Көшедегі мәде­ниет­сіздіктен бастап, төбелес, ұрлық, кісі өлтіруге дейінгі  құқықбұзушылықтың барлық түріне ымырасыз қарсы тұру, келеңсіздіктермен қоғам болып күресу өте маңызды. Елімізде кең таралған тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқ­ты құқықбұзушылық әрекеттерге мүлде төз­бейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қа­лып­тастыру қажет. Өйткені азаматтардың тәр­тіпке бағынуы олардың қауіпсіздігіне ке­піл болмақ. Азаматтарымыз заңдылықты ны­­ғайту жолында жұдырықтай жұмылса ға­на қоғамда әділдік орнайтынын уақыттың өзі дәлелдеді.  – Оның бәрі, түптеп келгенде, еліміздің да­муын тежейді, мемлекеттің абыройына нұқ­сан келтіреді. Қоғамдық жерлердегі ван­да­лизм – соның айқын көрінісі. Хал­қы­мыз­дың дүниетанымына жат идеология да елі­міз­ге зор қауіп төндіреді. Әсіресе, жас ұрпақ жа­санды идеялар мен «жалған батырлардың» же­тегіне ілесіп кетуі мүмкін. Әлеуметтік же­лі­де жастарды заңсыз іс-әрекет жасауға ша­қыратын материалдар таралуда. Тіпті, заң бұз­ған адамдарды үлгі етіп көрсететіндер бар. Біздің азаматтарымыз кез келген заңсыз­дық­қа қарсы болуы керек, яғни бізге заң бұзу­шы­лық­қа төтеп беретін мықты иммунитет қа­жет. Ел ішіне іріткі салатын, қауіп төндіретін әре­кеттерді ақтауға қатаң тосқауыл қою ке­рек. Құқықтық нигилизмге, яғни заң үстем­ді­гін жоққа шығаруға жол берілмеуге тиіс. Заң­ға деген құрмет адал азаматқа тән қа­сиет­тің бірі ретінде дәріптелуі қажет. Бұл – мем­ле­кеттік органдарға ғана емес, барша ха­лық­қа ортақ міндет. Қысқасы, заң мен тәртіптің үс­темдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақ­стан­ды құрудың басты шарты, – деді Мем­ле­кет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңей­тілген алқа отырысында сөйлеген сөзінде.  Заң мен тәртіп қағидаты барлық салада, әсі­ресе мемлекеттік органдарда үстем болуға тиіс. Жалпы, қоғам заңға бағынғанда ғана біз ай­тып жүрген құқықтық мемлекет қалып­тас­пақ. Азаматтардың заңға бағынуы олардың құ­қы­ғын шектеу емес. Керісінше, тәртіпке ба­ғынған қоғам өркениетті болады. Бұл мем­лекеттің қауіпсіздігін нығайтып, де­мок­ра­тияны дамыта түседі. Бүгінгідей күрделі гео­­­­саяси жағдайда елімізді сақтап қалу жо­лында азаматтардың мұны терең түсінгені лә­зім. Өйткені заң үстем болмаған елде тұ­рақ­тылық болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жер­де сәйкесінше даму да болмайды.   Жалпы, әрбір азамат өзін қауіпсіз сезіну үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиім­ді жұмыс істеуі қажет. Сондықтан «Заң және тәр­тіп» қағидатын біржола орнықтыруда по­­лиция айрықша рөл атқарады.  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев полицияның сер­вистік моделінің негізгі қағидаттарын іс жү­зін­де жүзеге асыру қажет екенін айтқан бо­латын. Бұл, ең алдымен, қоғамның талап-ті­ле­гіне құлақ асып, шұғыл әрекет ете білу де­ген сөз. – Халыққа ынтымақтастықтың өзара тиім­ді формасын ұсынып, кері байланыстың оң­тайлы жолдарын реттеу маңызды. Бас­та­ма­шыл және заңға қайшы әрекеттерге бей­жай қарамайтын азаматтарға арқа сүйеу құ­қықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қа­ғидатының іс жүзінде сақталуына мүмкін­дік беретініне сенімдімін, – деді Президент. Құқық қорғау жүйесін толық реформалау, по­­­лициялардың түбегейлі өзгеруі – аса маңыз­­ды міндеттердің бірі. Президент по­ли­ция­­ны қызмет көрсетуші органға айнал­дыру­ды жиі айтып келеді. Алайда Ішкі істер де­пар­­таменттері атауының ауысуымен, по­­­­лиция формасының өзгеруімен іс бітпейді. Ең алдымен құқық қорғау органдары кеңес­тік жүйе мен санадан арылса, халық пен заң арасындағы қарым-қатынас та жаңғыратыны анық.   – Полиция қашан да халыққа үлгі-өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт полицияға се­­­неді, оны қорған көреді. Өкінішке қарай, тәр­тіп сақшыларының бәрі бірдей сондай деп ай­та алмаймыз. Ауыр қылмыс жасаған қыз­мет­керлер анықталып жатыр. Кейінгі кезде мұн­дай оқиғалар жиілеп кетті. Бұған жол бер­меуіміз керек және ондай әрекеттерді мүл­дем ақтауға болмайды. Осындай жағдай­лар бүкіл жеке құрамның жұмысын бір сәтте жоққа шығарады. Ондай адамдарды полиция қа­тарынан шығару қажет. Олар биліктің абы­рой-беделін түсіреді. Қызметкерлерін дер ке­зінде тәртіпке салмаған басшылар мәсе­ле­сін де қарау керек, – деді Президент. Жақында елімізде «Заң және тәртіп» қа­ғи­датын орнықтыру, кез келген құқық­бұзу­шы­лыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қа­­­лыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұ­мыстар туралы Ішкі істер министрі Мем­ле­кет басшысына есеп берді. Ведомство бас­шы­сы құқықбұзушылықтың алдын алу және аза­маттардың құқықтық сауатын арттыру мә­селелеріне баса мән беріп отырғанын баян­дады.  – Нәтижесінде, жыл басынан бері қылмыс дең­гейі төмендеді. Атап айтқанда, ұрлық, то­нау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұр­мыстық және көшеде жасалған қылмыс­тар, кәмелетке толмаған және бұрын соттал­ған азаматтар істеген қылмыстар айтарлық­тай азайды, – деп мәлімдеді министр Ержан Сәденов.  Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіп­сіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра ала­ды. Заңды сақтау – әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі.