T-LIFE

Адамзаттың миы үлкейіп барады

сурет: news.rambler.ru

Бұл адамзаттың ақылына қалай әсер ететіні әлі белгісіз, бірақ деменция сияқты жас ұлғаюына байланысты туындайтын ауруларды баяулататыны белгілі болған.

Адамзаттың миы үлкейіп барады. Uc Davis Health басқаратын халықаралық зерттеушілер тобы осындай тұжырымға келді. Бұл туралы futurism.com жазды.

Зерттеушілер тобы бұл тұжырымға 1930-жылдары және 1970-жылдары туған адамдардың миын сканерлеп, зерттегеннен кейін келген. Ғалымдар 30-жылдары туғандармен салыстырғанда 70-жылы туғандардың миы 6,6%-ға үлкейгенін анықтаған.   Бұл адамзаттың ақылына қалай әсер ететіні әлі белгісіз, бірақ деменция сияқты жас ұлғаюына байланысты туындайтын ауруларды баяулататыны белгілі болған.