«Жоғары курс студенттерінен жәбір көрген»: Медеуде 18 жастағы студенттің мәйіті табылды
Қайғыдан қан жұтқан Зада Лаубаева жалғыз ұлынан айырылып қалғанына әлі де сене алар емес.
Алматыда 18 жастағы ұлынан айырылған ана әділдік іздейді. Қапияда жалғыз баласынан көз жазып қалған Зада Лаубаева Сержан өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді, деп хабарлады turkystan.kz informburo-ға сілтеме жасап.
Анасының енді ғана студент атанып, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университеттің бірінші курсында оқып жүрген баласы өзінен жоғары курста оқитын тәлімгерлерден жәбір көрді ме деген күдігі бар. Өйткені Сержан Жәкежан соңғы кездері қалтасына пышақ салып жүрген екен. Қайғыдан қан жұтқан Зада Лаубаева жалғыз ұлынан айырылып қалғанына әлі де сене алар емес. Бақанас ауылынан ұстаз болуды армандап, қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне түскен Сержан Жәкежанның арманы таудай болған дейді. 22 ақпан күні сабақтан шыққан Сержанның соңғы видеосы білім ордасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Осыдан кейін оның қайда барғанынан ешкім көрмепті. Ал келесі күні Медеуден белгісіз адамның мәйіті табылып, кейіннен оның Сержан екені анықталған екен.
«Медеудің плотина деген жерінен тапты баламды. Өзім аула сыпырушылардан сұраған кезде, «балаңыз өз бетінен құламаған, көп қан жоғалтып, содан кеткен. Жүгірейін деп талпынған көрінеді. Екі қолымен тырмалап жүрген. Қасында таяқ бар екен, біреуден көмек сұрайын деген болар» дейді олар», - деді марқұм Сержан Жәкежанның анасы Зада Лаубаева.