Жаңалықтар

«Шоу істеймін»: Айқын мен Жұлдыз үйлену тойын қашан жасайтынын айтты

Айқын Төлепберген. Фото: instagram.com/aikyn

Жұлдызды жұп үйлену тойын күзде жасайтын болып шешкен.

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали 2017 жылы неке қидырған. Бүгінде екі баланың ата-анасы атанып үлгерген жұлдызды жұп үйлену тойын күзде жасайтын болып шешкен. Бұл туралы Айқын Төлепберген REVUE NEWS бағдарлмасында мәлім етті. 

"Бұйырса, үйлену тойын күзге жоспарлап отырмыз. Елдер күледі. Бірақ менің ойымша, ақ көйлек киіп, тұрмысқа шығу әр қыздың арманы. Бізде той болған жоқ. Кәдімгідей дүркіретіп, бүкіл Қазақстанға той жасап берейін деп жатырмын. Жақсы мейрамханада, шетелден әртіс шақырып, әдемі шоу істеймін. Келіссөз жүргізіліп жатыр. Асаба Ринат Сафарғұлов пен Тұрсынбек Қабатов болады деп отырмыз. Ринат келісті. Енді Тұрсынбекпен сөйлесу керек. Той күніне байланысты көреміз", – деді Айқын.