Қостанай облысының су басқан аймақтарында төтенше жағдай жарияланды

28 наурыз, 2024 / Меруерт Сағымхан
Қостанай облысының ЖТД
Су басқан аймақтардан 434 адам эвакуацияланды.

Қостанай облысы Арқалық қаласы, Амангелді және Жанкелді аудандарында төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, су басқан аймақтардан 434 адам эвакуацияланды.

«Оның ішінде Арқалықтан 307, Амангелді ауданынан 37, Жангелді ауданынан 90 адам қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Қостанай облысы Төтенше жағдай су басу