Жаңалықтар

Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша екінші орында – фейк ақпарат

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады.

Ажырасу бойынша Қазақстанның әлемде екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ұлттық статистика бюросы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған.

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді.