Мемлекет басшысы Қытайға барды

28 наурыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Akorda.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына келді.

Мемлекет басшысын БАФ директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи қарсы алды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Боао Азия форумы