Қоғам

Павлодарда бейтаныс адамды тұншықтырып өлтірген тұрғын сотталды

podrobno.uz

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодарда тұншықтырып адам өлтірген ер адам сотталды. Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтырғы жылдың тамыз айында түнгі сағат 01:00 шамасында масаң күйдегі ер адам «SMART» бизнес орталығының автотұрағында басқа бір тұрғынмен жанжалдасып, төбелесті. Ол бейтаныс адамның денесінен бірнеше рет соққы жасап, тұншықтырды.  Ер адам мойынының қысылуына байланысты механикалық асфиксиядан сол жерде қайтыс болды.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК 99-бабының 1-бөлігі «адам өлтіру» фактісі бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

«Асырауында жас балалардың болуын ескере отырып, сот ер адамды 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады», – деді соттың баспасөз қызметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.