Жаңалықтар

«Ауыр айтсам кешірім сұраймын»: Әбдіжаппар Әлқожа өзін «той әншісі» дегендерге жауап берді

/stan.kz

Ол бүгінгі қазақ эстрадасының барлығы да тойда өнер көрсететінін айтты.

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Бес жұлдыз» телевизиялық жобасында өзін «той әншісі» деп сынаған өнердегі әріптесі Ақмарал Ноғайбаеваға жауап берді. Ол қазақ эстрадасының барлық өкілдері той-думандарға шығып жүргенін айтты.

Ашуға булыққан өнер иесі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Ол Ақмарал Ноғайбаева сол тұста оның әпкесі Роза Әлқожа жайлы да сөз қозғағанын мәлім етті. Алайда ол жері эфирден алынып тасталған.

«Қашанғы халықтың ығына қарап жұмыс жасаймыз?» деді. Бұл «эстрада» театр емес, концерватория емес. Біз халықтың ығына жұмыс жасаймыз, халық тойына шақырса барамыз, халық концерт бер десе береміз. Сол үшін біз «Эстрада» әншісіміз. Мен Ақмарал Ноғайбаева әпкеме әңгіме айта алмаймын. Керісінше ауыр айтып қойсам кешірім сұраймын. Әр өнер адамының өзіндік пікірі бар. Айта алуға хақылы қылып осы «бес жұлдыз» бағдарламасын Мейрамбек Бесбаев ашқан.

Менің ол жерде айтқым келіп барымды салған себебім. Той әншісі деп бөлді. Роза әпкемді «той әншісі» деп жоқ адамды араға қосты. Бауырым мен әпкем үшін тұрмасам, несіне жігітпін. Ақмарал әпкеден де басқа жандар той әншісі деп арманын Бейбарыс екеумізге айтты. Ол жерлерін эфирден қырқып тастапты», - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.

Сонымен қатар ол бүгінгі қазақ эстрадасының барлығы да тойда өнер көрсететінін айтты.

«Иә мен той әншісімін! Қазақ эстрадасы түгел той әншісі. «МузАрт» тойға шықпайма? Тоқтар, Саят, Досымжан, «Жігіттер», Қайрат ағалар тойға шықпайма? Керек десеңіз дәстүрлі әншінің, филармония әншілерінің талайын көрдік эстрадалық әндерге дауыс жазып алып тойда тіршілік жасап жүргенін. Ал бағдарламаға келгенде руханият жайлы болып қалады бәрінің әңгімесі. Тойсыз елмен қауышып жұлдыз болу, тура осы қазақша әндер орындайтын адамдарға мүмкін емес нәрсе деп ойлаймын. Айтарым көп негізі! Бірақ тоқтай білейін», - деп жазды әнші.