Экономика

Электр энергиясының 18 пайыз тарифі реттелмейтін ЭСО-лар арқылы сатылып отыр

Қазір бұл ұйымдардың реттелетін және реттелмейтін екі түрі нарықта жұмыс істеп тұр. Реттелетін ұйымдар тұрғындарға, заңды тұлғаларға және бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсетуде және мемлекет тарапынан олардың операциялық шығындары ескеріліп, жабдықтау тарифінің орташа бағасы 1 квт сағатқа 1 теңге жобасында бекітіліп отыр.

Депутат Еділ Жаңбыршин Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, тарифі реттелмейтін ЭСО-лар туралы мәселені қозғады.

Қазір бұл ұйымдардың реттелетін және реттелмейтін екі түрі нарықта жұмыс істеп тұр. Реттелетін ұйымдар тұрғындарға, заңды тұлғаларға және бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсетуде және мемлекет тарапынан олардың операциялық шығындары ескеріліп, жабдықтау тарифінің орташа бағасы 1 квт сағатқа 1 теңге жобасында бекітіліп отыр.

Себебі, біріншіден, делдалдар тарифті негізсіз көтеруді жалғастыра береді және қыруар пайда табады. Мысалы, кейбір өңірлерде делдалдардың тарифіндегі таза пайда бір кВт сағат үшін 25 теңгеге жеткен. Ал, Қазақстандағы ең ірі Екібастұз 1-ші электр станциясының 1 кВт сағат электр энергиясын өндіру тарифі 8 теңгені құрайды. Делдалдар ештеңе өндірмей-ақ станциялармен салыстырғанда кемі 3 есе пайда көріп отыр.