Қоғам

Көкесі барлар көсем болатын әдеттен қашан арыламыз? – Ринат Зайытов

Құжаттарға заңсыз қол қойып, лауазымын пайдаланып, заңды бұзған қызметекерлерге шара қолдануыңызды сұраймын, - деді депутат.

«AMANAT» партиясы депутаты Ринат Заитов Ішкі істер министрі Ержан Саденовке, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Асхат Жұмағалиге депутаттық сауал жолдап, үлескерлердің мәселесін көтерді.

Мысалы, «Азия плюс» тұрғын үй кешенінде тұрғындар, яғни қариялар, кішкене балалар мен жүкті аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалар өз үйлеріне кіретін есігінің, не кіреберісінің болмауына байланысты, күнделікті паркинг арқылы кіруге мәжбүр.