Жаңалықтар

Бишімбаевтың соты онлайн-трансляция арқылы көрсетілетін болды

Астана соты баспасөз қызметі

Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы 27 наурыз сағат 10:00-ге белгіленген болатын.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты онлайн-трансляция арқылы көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

"Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы 27 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді.