Саясат

Президент ҚХР ШҰАА ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасарын қабылдады

Эркин Тунияз қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдады, депихабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы еліміздің Шыңжаңмен сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты көптеген сала бойынша табысты қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл өлке Қазақстанның ҚХР-мен сан қырлы байланысын нығайтуда стратегиялық рөл атқарады.

Өз кезегінде Эркин Тунияз қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңжаң Халық үкіметі төрағасының Қазақстанға сапары өңіраралық кооперация мен шекара маңындағы облыстардың өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.