Қоғам

Елордада ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіленді

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елордада полиция қызметкерлері ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петров көшесінің бойында Haval автокөлігінің жүргізушісін ұстады, тінту барысында оның күртесінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді 30 орама табылып, тәркіленді.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.