Қоғам

Павлодарда алаяқ зейнеткердің атына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Павлодарда алаяқ зейнеткердің атына 1 млн 125 мың теңге несие рәсімдеген, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Соңғы уақытта алаяқтар тұрғындарға көбінесе банктің қауіпсіздік қызметкері болып телефон соғады. Телефон арқылы олар күмәнді төлем немесе аударым туралы хабарлайды және азаматтардың карталарынан ақша ұрлау үшін деректерді алуға тырысады. 

Осындай алаяқтардың кезекті құрбанының бірі – павлодарлық зейнеткер. Жас жігіт әйелдің нөміріне қоңырау шалып, өзін банк қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған. Зейнеткерге атына несие рәсімделгенін және оны жою үшін банктің мобильді қосымшасын жүктеп алып, жігіт айтқан нұсқауларды орындауы керектігін айтқан. Осылайша қаскөй зейнеткердің атына жалпы сомасы 1 млн 125 мың теңге несие ресімдеген. 

Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті азаматтарға осындай жағдайлардан қорғану үшін жеке кабинеттерін, банк карталарындағы деректерін басқа біреуге хабарлауға болмайтындығын ескертеді.