Жаңалықтар

Жетісу облысында кәсіпкерлерге 50 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Прокурорлар 160-тан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғап, оларға орындалған шарттар бойынша тиісті ақшалай қаражатын қайтарып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес енгізілген кепілдік сомалар кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін бірден қайтарылуы тиіс болатын.

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражат қайтарылды, ал бұзушылықтарға жол берген 30 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.