Жаңалықтар

Алматы облысында үш жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр

Баланы іздеу үшін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған. Полицияға баланың анасы кешке хабарласқан.

Баланы іздеу үшін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.

Айта кетейік, бұған дейін бала 17 наурыз күні түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.