Жаңалықтар

Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа ауысты

Оқу-ағарту министрлігі

Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 1668 оқушы қатысып жатыр.

Елімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды. Ол биыл алғаш рет бірден жеті өңірде өтеді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жаратылыстану-математикалық бағыт:

17-21 наурыз күндері – Астана қаласында физика, математика;

24-28 наурыз күндері – Алматы қаласында информатика, география;

27-31 наурыз күндері – Павлодар қаласында химия, биология.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

1-5 сәуір күндері – Қостанай қаласында орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;

7-11 сәуір күндері – Атырау қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;

14-18 сәуір күндері – Өскемен қаласында Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері;

20-24 сәуір күндері – Петропавл қаласында ағылшын, неміс және француз тілдері.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 1668 оқушы қатысып жатыр. Жаратылыстану-математикалық - 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынауда. Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.