Жаңалықтар

Павлодарда гүл сататын дүңгіршек өртенді

Өрттің себебі мен шығыны анықталуда.

Павлодарда гүл сататын дүңгіршек өртенді. Тілсіз жау жарты сағат ішінде ауыздықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, сағат 06:32-де Назарбаев даңғылы мекенжайында орналасқан гүл сататын дүңгіршектің шатыры өртеніп жатқаны туралы ТЖД-не хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеке құрамнан бес адам мен бір техника шықты.

Өрт сөндірушілер өртті сағат 07:03-те ауыздықтады. Өрттің жалпы ауданы — 20 шаршы метр.

Өрттің себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.