Жаңалықтар

Көкшетауда еріген қар суы мектептің жертөлесін басып қалды

Су сорғызу жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Көкшетаудағы Бірлік шағынауданында еріген қар суы мектептің жертөлесін басып қалды.

Су басқан мектептің видеосы Sinegor.kz парақшасында жарияланды. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, су сорғызу жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған. 

Су басуға электр желісі кіргізілген тесіктердің дұрыс жабылмауы себеп болыпты. Қазір еріген қар суының мектепке ағуы тоқтатылған.