Қарағандыда өртенген пәтер ішінен ер адамның денесі табылды

24 наурыз, 2024 / Ақмарал Берекет
Ашық дереккөз
Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды

Қарағандыда өрт кезінде бес адам құтқарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады. Жергілікті жерде отты жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды. Өрттің алдын ала нұсқасы-электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды.

Тэгтер:

Қарағанды өрт