Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылынан 27 шақырым жерде қардың қатты еруіне байланысты аудандық маңызы бар жолды су басты, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, су басу оқиғасы «Ұлытау-Сарлық» автожолында болған. Көлік қозғалысына шектеу енгізілмеді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
ЖАО күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.