Қоғам

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 3 бала табылды

Жоғалып кеткен балалар - 2012, 2014, 2018 жылы туған

23 наурызда кешке қарай Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында үш баланың жоғалғаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 2024 жылы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, сол күйі үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жоғалып кеткен балалар - 2012, 2014, 2018 жылы туған.