Қоғам

Степногор маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Kazinform

Оқиға орнынан табылған адамдар жол апатынан қаза болғандар бар деп отыр

Ақмола облысының Степногор қаласы маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды, зардап шеккендер бар, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеожазбада оқиғаның «Степногор – Заводской» автожолында болғаны айтылады. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі жанып жатса, енді бір көліктен құтқарушылар мен оқиға орнына табылған адам адамдарды құтқаруға әрекеттенуде.

Бейресми деректер бойынша полициядан қашқан «Тойота Ланд Крузер 200» көлігі «Ауди» көлігімен бетпе бет соқтығысқан. Видеода атылған қарудың дауысы естіледі. Оқиға орнынан табылған адамдар жол апатынан қаза болғандар бар деп отыр.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Жол-көлік оқиғасы орын алған жерде полиция қызметкерлері жұмыс үстеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен бірге, оқиға орнына Ақмола облысы ПД бастығы шықты», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.