Спорт

Париж Олимпиадасы: Қазақстан құрамасында қанша жолдама бар?

eurotunnel.com

2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада қазақстандық спортшылар спорттың 27 түрінен 96 лицензия жеңіп алған

Қазіргі таңда қазақстандық спортшылардың қоржынында 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына 26 лицензия бар, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Әзірге Парижге жолдама алғандардың толық тізімі:

Бокс (13 лицензияның 7-еуі бар)

Карина Ибрагимова – 57 келі, әйелдер;

Сәкен Бибосынов – 51 келі;

Сабырхан Махмұд - 57 келі;

Асланбек Шымбергенов – 71 келі;

Нұрбек Оралбай – 80 келі;

Айбек Оралбай – 92 келі;

Қамшыбек Қоңқабаев – +92 келі.

Ату (5 лицензия)

Ислам Сәтбаев – пневматикалық мылтық 10 м;

Арина Алтухова – 50 м қашықтықтан үш позициядан винтовка;

Никита Чирюкин – 25 м-ден жылдам атылатын тапанша;

Александра Ле – 50 м пневматикалық мылтық;

Константин Малиновский – 50 м қашықтан үш позициядан пневматикалық мылтық.

Садақ ату (4 лицензия)

Жеке, ерлер;

Жеке, ерлер;

Жеке, ерлер;

Команда, ерлер;

Велоспорт (3 лицензия)

Ерлер;

Ерлер;

Жеке уақыттық сынақ, ерлер;

Қазіргі бессайыс (2 лицензия)

Елена Потапенко, әйелдер;

Георгий Борода-Дудочкин, ерлер;

Таэквондо (2 лицензия)

Самирхон Абабакиров – 58 келі;

Батырхан Төлеуғали – 80 келі;

Еркін күрес (1 лицензия)

Азамат Дәулетбеков – 86 келі;

Грек-рим күресі (1 лицензия)

Нұрсұлтан Тұрсынов – 87 келі;

Көркем гимнастика (1 лицензия)

Милад Карими – көпсайыс.

2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада қазақстандық спортшылар спорттың 27 түрінен 96 лицензия жеңіп алған.