Қарағанды қаласының орталығы жылусыз қалды
Жақында Қарағандының "Теплотранзит" компаниясына үш миллион теңгеге жуық айыппұл салынды
"Теплотранзит Қарағанды" ЖШС ақпаратты растап, ақау жойылғанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Гоголь көшесіндегі ақау жойылды, "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС-нің жұмысшылар бригадасы дәнекерлеу жұмыстарын аяқтап, жылу желілерін толтыруға кірісті. Жақын арада гидравликалық және температуралық жағдай қалпына келтіріліп, пәтерлердегі температура қалыпты жағдайға келеді. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - делінген компания хабарламасында.
Жақында Қарағандының "Теплотранзит" компаниясына үш миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.
Тексеру барысында жеке кәсіпкерге жылу энергиясы үшін төлем жалпы үйдегі жылу есептегіш құралының нақты көрсеткіштері бойынша жүргізілмегені анықталды.