Қоғам

Қарағанды облысында шахтада төтенше жағдайдан кейін 70 адам эвакуацияланды

Кеншілер арасында зардап шеккендер жоқ

Ленин шахтасының D6 орталық конвейер көлбеуінде көмірқышқыл газы деңгейінің жоғарылауы тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Qarmet баспасөз қызметі шахтада желдету жүйелерін сынау кезінде болған штаттан тыс жағдай туралы хабарлады. Көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада бүгін көмірқышқыл газының жоғарылағаны туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнында Qarmet басшылығы, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі, ТЖД мамандары жұмыс жүргізіп жатыр.